Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бішкек тұрғындары мәңгілік алаудың жанында әулие Валентин күнін тойлағандарға наразылық білдірді

Бішкекте тәртіп сақшылары 14 ақпан күні Жеңіс алаңындағы мәңгілік алаудың жанында махаббат күнін атап өткен жастарды іздестіріп жатыр.

625918

Сурет vb.kg сайтынан алынды

Бұл туралы lenta.tu сайты хабарлайды.

14 ақпан күні әлеуметтік желілерде мәңгілік алаудың қасына дастархан жайып, тойлап жатқан жастардың суреттері пайда болды. Жастардың тәртібі желі қолданушыларының ашуын тудырған. Алайда полиция келген кезде жастар тығылып қалған. Жастардың бұл іс-әрекеті қоғамдық орында спирттік ішімдік қолданулары себепті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл ерсі қылықтары үшін олар 100 сом айыппұл төлеуі тиіс.

“Осы жылы Жеңіс монументінің жанына мәңгілік алауды күзетіп, қоғамдық орындағы тәртіпті қадағалау үшін арнайы күрке орнатылмақ. Сондай-ақ, үйленіп жатқан жастарға бұл жерге келіп спирттік ішімдік ішуге де тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр. Олар үнемі соңдарынан ішімдік қалдықтарын қалдырып кетеді. Біз үнемі күресіп келеміз”, – дейді Бішкектің Свердлов аудандық әкімшілігі.

13 ақпан күні Бішкектен алыс емес аумақта жүрек бейнесінде қатталған есірткі тасымалдаған адам ұсталған еді.

Талқылау