Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаевтың ісі бойынша сотталған депутаттың ұлы мерзімінен бұрын босатылады

Қуандық Бішімбаевпен бірлесіп, мемлекеттің бюджетінен 1,5 миллиард теңге ұрлаған Аслан Жақыпов түрмеден шығуға өтініш білдірді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Бішімбаевтың ісі бойынша сотталған азамат жақсы тәртібі үшін мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін

“Байтерек—Development” холдингінде төрағаның орынбасары ретінде қызмет еткен Аслан  Жақыповтың өтінішін Астананың қалалық соты қарастырды.

“Сот шешіміне айыпталушының тәртібі, жазасын өтеп жатқан мекемеде өзін жақсы іс-әрекеттері негіз болды. Оның үстіне айыпталушы мерзімінен бұрын босатылмас бұрын, ҚР Қылмыстық кодекспен бекітілген жазасын өтеген”, —  дейді Астана қаласы сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

Естеріңізге сала кетейік, Аслан Жақыпов ұлттық экономиканың бұрынғы министрі Қуандық Бішімбаевтың ісінде бірінші күдікті ретінде ұсталған. Жалпы, олардың қылмыстық істеріне 22 адам қатысқан. Бішімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал  Жақыпов ақшаны тасымалдаумен айналысқаны үшін ек жарым жылға сотталған еді. Ол жазасының басым бөлігін өтеп үлгерді. Түрмеде қалған он айын өтеп шығуы керек еді.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Прокурорлар оған шағымдана алады. Бақылау органдарынан ешқандай ескертпе болмаса, Аслан Жақыпов бостандыққа шығады.

Аслан – мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыповтың ұлы.

Талқылау