Біржан Жақыповты жеңіп кеткен өзбек боксшысы кәсіпқой боксқа ауысты

Жексенбі, 21 Тамыз , 2016 11:24

23 жастағы олимпиада чемпионы өзбекстандық Хасанбай Дусматов оңтүстік африкалық Golden Gloves промоутерлік компаниясымен келісім-шартқа отырып, кәсіпқой боксқа ауысты.

Rio-Uzbekskiy-bokser-Has

Фото: 163gorod.ru

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

“Бұл жігіт өте жақсы деңгейде бокстасады. Геннадий Головкин шығыс-европалық боксшылардың Батыста да жұлдызға айнала алатынын дәлелдеді. Біз Хасанбайдан да сондай жұлдыз жасағымыз келеді. Ол жан-жақты спортшы”, – деді компанияның басшысы Родни Берман.

Дусматов Өзбекстан тарихында екінші алтын алған боксшы. Оған дейін 2000 жылы Сидней олимпиадасында Мұхаммадқадыр Абдуллаев алтын иеленген еді. Берманның сөзінше, Дусматов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін желтоқсан айында Оңтүстік Африкада өткізеді. Ал 2017 жылға үш кездесу жоспарланған.

Golden Gloves 1979 жылдан өз жұмысын бастап, 300-ден астам боксшымен жұмыс істеген. Көбінесе бокс кештерін Оңтүстік Африкада өткізетін компания, соңғы кездері өз шоуларын Монакада да ұйымдастырып жүр. Олардың шақыруымен Геннадий Головкин мен Руслан Проводниковтар өз кездесулерін өткізген.

Еске сала кетсек, Дусматов Рио олимпиадасына қатысып, 49 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. Ол қазақстандық Біржан Жақыповты ширек финалда ұтып кеткен еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар