Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біржан Жақыпов жоғарғы мемлекеттік марапатқа ие болды

Танымал қазақстандық боксшы, 2013 жылғы әлем чемпионы Біржан Жақыпов ҚР ҚО ЦСКА спорттық комитетінің басшысы Расул Мейірмановтың қолынан “Мінсіз қызметі үшін” медалін алды.

95fdd8a8d1e77f16d7817c0dafdc32ed_XL

Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Аталған марапат мемлекет басшысының 2002 жыл 7 мамырдағы қарулы күш өкілдеріне арналған жарлығынан соң тағайындалды.

“Біржан Жақыпов қазақстандық спорттың мақтанышы. Ол үш олимпиада ойындарына қатысып, оның әрбірінде ширек финалға дейін жетті. Оның қоржынында бірнеше жарқын жеңістер бар. Ол әлем чемпионы атанып, сондай-ақ, басқа да халықаралық жарыстардың биік сатысына көтерілді. Мансабын аяқтағаннан кейін де Жақыпов салауатты өмір салты мен армиялық спортты насихаттап, көптеген жас атлеттер үшін еліктеуге тұрарлық тұлғаға айналды”, – деді Расул Мейірманов.

5454

Өз кезегінде Жақыпов еңбегін бағалағаны үшін алғыс айтып, құрметін білдірді.

“Мен үшін “Мінсіз қызметі үшін” медалін алу үлкен құрмет. ҚР ҚО ЦСКА комитетінің спорттың дамуы мен жастарды патриоттық тәрбиелеу мәселесіне көңіл бөліп жатқаны қуантады. Отаныма қызмет етемін!”, – деді спортшы.

Оқи отырыңыз:

Спорттан шеттетілген Манеза медицина орталығын ашты

Төрешінің шешімімен келіспеген бапкер үстіндегі жейдесін жыртып тастады

Абылайхан Жүсіпов финалда Рио Олимпиадасының жүлдегерінен ұтылды

Сондерс: Головкин допинг қабылдайды

Талқылау