Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біржан Жақыпов Қазақстан халқынан кешірім сұрады

Бокстан 49 келіге дейінгі салмақтағы әлем чемпионы, Біржан Жақыпов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының ширек финалында ұтылып қалды. Кездесуден кейін тілшілерге қысқаша сұхбат берген боксшы қазақстандық жанкүйерлерден кешірім сұрады.

біржан

Бұл туралы Baq.kz жазды.

«Ойлаған ойымды жүзеге асыра алмадым. Бірнеше қателік жібердім. Сәтсіздігім үшін Қазақстан жанкүйерлерінен кешірім сұраймын», – деді жарыстан кейін Біржан Жақыпов.

Айта кетейік, Біржан Жақыпов осымен үшінші рет Олимпиада ойындарына қатысты. Үшеуінде де ширек финалдан әрі аса алмады. Бұған дейін екі рет қытайлық Зоу Шиминнен ұтылса, бұл жолы өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовтан жеңілді.

 

Талқылау