Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біржан Хасанғалиев әкесінің жарыққа шықпаған романстарын жарияламақ

Біржан Хасанғалиев марқұм әкесі, даңқты композитор, Қазақ КСР-нің Халық артисі Ескендір Хасанғалиевтің жарыққа шықпаған романстарын жарияламақ, деп хабарлайды Stan.kz.

"Әкемнің артынан қалған мол мұрасы бар. Оның қатарына тек әндер ғана емес, ертерек жазылған Ескендір Хасанғалиевтің романстары да кіреді. Қазір солардың клавирін (аккомпанемент) өзім жазып жатырмын", – деп хабарлады Біржан Ескендірұлы Instagram-дағы парақшасында.

Хасанғалиев мұның қиын әрі жауапкершілікті талап ететін жұмыс екенін атап өтті. 

"Алланың көмегімен, екі айдың ішінде бітіремін. Кейін оны кітап жүзінде жарыққа шығарып, халыққа көрсетеміз", – деп түйіндеді сөзін ол.

Желі оқырмандары бұл жаңалыққа қуанып, Біржан Хасанғалиевке сәттілік тіледі.


Аманжол Әлтаев: Жұбайым мен қызым қайтқаннан кейін, үйге кіргім келмейтін


"Керемет жаңалық! Кейінгі ұрпаққа қалар асыл мұра болсын! Сәттілік", "Күтеміз", "Әкеңіздің ізін жалғастырушы ұрпақтары өздеріңіз. Анаңыз аман болып, мұрасы ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жете берсін", "Сәттілік. Ескендір ағаның шығармашылығы алтын қазына ғой қазақ үшін", – деп жылы лебізін білдірді олар.

Талқылау