Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түсініксіз түсірілген селфи желі қолданушыларын шошытты

Интернетте пайда болған селфи желі қодлданушыларын қорқытты. Онда камераға күлімсірей қарап тұрған әйел, артқы жағындағы айнада мүлде басқа қорқынышты келбетімен көрініс береді.

1234

Жас азиялық жұптың бірге түскен бұл суретін әсіресе “Твиттер” қолданушылары қызу талқылап жатыр. Ері мен әйелі телефон камерасына анық қарап күліп түскен. Бірақ, артқы айнадағы әйел бейнесі мүлде басқаша.

Бұл сурет @itsthemans аккаунтында пайда болған және бірден 17 мәрте бөлісілген. Жарияланымнан кейін аккаунт бірден өшіріліп тасталған.

Желі қолданушылары мұндай құпия суреттің шешімі не болуы мүмкін дегенге бас қатырып жатыр. Мұны сірә, кездейсоқтық не болмаса фотшоп арқылы өңдеу жасалынған фотосурет деп қарастыруға болады. Тиісінше, жұптың артқы жағындағы айна емес жәй ғана терезе, ал ол жерде басқа жұп суретке түскен болуы да мүмкін.

Талқылау