Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Біртүрлі дыбыс шығарып, ән салып тұрған түйе жұртты таңғалдырды (видео)

Желіде түйенің ән салып тұрған сияқты біртүрлі дыбыс шығарған видеосы тарап кетті, деп жазады Stan.kz.

Жануардың мұндай қызықты әрі біртүрлі әрекетін түсіндіру әзірге мүмкін болмады. Алайда желі қолданушыларының кейбірі қос өркешті жануар осылайша өз төлін іздеп, шақырып тұр деп топшылады.

Ал түйені видеоға түсірп тұрған ер адам кадр сыртында оған қарата сөйлеп, «дұрыстап ән айтуын» сұрайды.

“Төменгі нотаны дұрыс алмай жатырсың. Дұрыстап айт”, – дейді ол әзілдеп.

Аталған видео Instagram желісінде бірден тарап кетіп, көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Болжам бойынша, бұл видео Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде түсірілген болуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр