Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірнеше облыста дауыл тұрып нысандарды қиратты

Еліміздің батыс аймақтарында болған дүлей желден біраз нысандарға нұқсан келді. Адам шығыны жоқ, – деп хабарлайды КТК арнасы.

9066-14-semeide_zhoi_yn_dauyl_ru

Долдана соққан дауылдың кесірінен Оралда 4, Атырау облысында 6 ғимараттың шатыры ұшып, 5 көлік зақымданған. Ал Ақтөбеде күшті желдің кесірінен қаладан шығатын жолдар жабылды. Өйткені борандата жауған қар қозғалысты қиындатып жіберген. Қазір шығын есептеліп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұлар боранға қарамастан жолға шыққан ақтөбелік жүргізушілер. Дүлей жел қарды үйіріп соғып, жолды жауып тастаған. Соның кесірінен Хромтау ауданында далада қалып қойған 50-ге тарта жүк көліктерін шығарамыз деп құтқарушылар түнімен әлекке түсті. Дүлей дауыл Орал өңірін де әлекке салды. Батыс Қазақстан облысы бойынша, екі мектеп, бір көпқабатты және бір жер үйдің төбесін жұлып кеткен.

“Адамға, машинаға қауіп төнбес үшін төтеншеліктерді шақырдым. Олар көмектесті. Бірақ КСК өздерің жасаңдар деп отыр”, – дейді Орал қаласының тұрғыны Әсемгүл Үсенова.

Жылдамдығы секундына 17-22 метрге жеткен желден атыраулықтар да айтарлықтай зардап шекті. Тіпті пәтерлердің терезесі  жұлынып, шатырлар да қаңбақша ұшқан. Облыс бойынша үш тұрғын үй мен үш мектеп төбедегі жабындыдан айырылды. Құлаған шатыр 5 көлікті басып қалған.Құтқарушыларға қарапайым тұрғындар да көмекке келіпті. Яғни қауіпті нысандарды көргендер тиісті орындарға телефон шалып отырған.

“Біздің қызметкерлер оннан астам қауіпті нысандарға барды. Жел күшейген кезде электр бағаналарының, ағаштардың, өзге де металдан жасалған құрылғылардың құлау қаупі болды. Дер кезінде солардың алдын алдық”, – дейді Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары Замир Бердашев.

Қазір қос облыста құтқарушылар дауылдан соңғы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Арнайы комиссия құрылып, келген шығын көлемі де есептеләіп жатыр. Ал ауа-райын болжаушылар  үш облысты әбігерге салған солтүстік-батыстан келген циклон дейді. Және де мұндай дауылдың әлі де болуы мүмкін деп ескертеді.


Жіберіп алмаңыз:

Семейде қар суы үйлерге кіріп қабырғаны құлатты

Қарағанды облысында екі бірдей ауданды топан су басты

Астанада арнайы жасақ қызметкері бөлімшеде асылып қалған күйінде табылды

Астаналық полицей шетел азаматтарының қалтасын қағып келген

Талқылау