Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірнеше мәрте БАҚ-та жаман әдетімен көзге түскен Бейбіт әріптесі Төреғали Төреәліні қорғап сөйледі

Бейбіт Қорған әріптесі Төреғали мен журналистің арасында болған жайсыз оқиғаға жүйкесі жұқарып жүргендігін айтты. Мұнымен қатар, журналистерден әншілерге жала жаппауды сұрады.

3-9

Фото: instagram.com/beibitkorgan/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше журналист пен Төреғали Төреәлінің арасында болған түсініспеушілік жұртты шулатты. Бірі журналистің әрекетін өзіне жасап жатқан пиарға баласа, екіншілері Төреғали Төреәлінің өзімшілдігін сынға алған. Десе де, әріптестері әншіге қолдау көрсетіп жатыр. Солардың бірі басы дауға бір емес, бірнеше рет қалған – Бейбіт Қорған.

“Бүгін Төреғали ініме тиіскен журналистің сөзін естіп, жүйкем тозып отыр. Әдейі қас қылып келіп, оның үстіне журналист өз атын шығарып, немесе өздерінің каналдарын елге жария қылып, тіпті елдің арасында үлкен дау шығарып, əншінің абыройын таптауды қашан қоясыңдар, журналист сымақтар?!

Кезінде маған да арнайы осылай келіп, аузына келгенің сөйлеп тұрып əнші түгілі кез келген адамның намысына тиетін сөздерді айтатын журналистер қазір сәнде! Сондықтан байқайық, құрметті əріптестер! Халыққа жинап терген еңбегімізді жоққа шығаратын журналистерден сақтанайық! Төреғали інім баса бер алға!” – дейді Бейбіт Қорған.

Желі қолданушылары әншінің бұл сөздерін қоштай түсті. Олар Төреғалидің біреу “былай тұр, былай істе” деп жөн сілтейтін кішкене бала еместігін айтты.


Жіберіп алмаңыз:

Бейбіт Қорған сахнадан неге кеткенін айтып берді

Бейбіт Қорған тыңдармандарына қайта оралды

Бейбіт Қорған жарын әлі күнге дейін қатты қызғанатынын айтты

Әріптестері Қарақаттың Қыдырәліге тоқал алып беруіне қатысты пікір білдірді

Талқылау