Күйеуі өлімші етіп сабаған келіншек екінші рет отбасын құруға қорқып қалғанын айтып жылады

Жұма, 9 Маусым , 2017 10:43

Бұрын бір рет тұрмыста болған келіншек екінші рет отбасын құруға қорқып жүр екен. Жуырда өзіне ұнайтын жігіт сөз салып, тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасапты. Осы орайда, ол екінші рет қателесіп қалмау үшін жұрттап ақыл-кеңес сұрады.

girls-1107329_960_720

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

«Қазір жасым 21-де. Алғаш рет 19 жасымда тұрмысқа шығып, отбасылық өмірде көп қиыншылық көрген едім. Күйеуім бедеу екеніне қарамастан, мені асқан қатыгездікпен ұратын. Өзінің диагнозын мойындамайды да, емделгісі келмейді де. Соңғы жанжалдан кейін шыдамадым. Бар затымды жинап үйге кетіп қалдым. Артымнан іздеп келмеді, керісінше ажырасқысы келетінін айтты. Төркініме қайтып келгеніме 6 ай болды. Бірақ, сіздерден мүлдем басқа мәселеге байланысты ақыл сұрайыншы деген едім.

Маған бір бала жуырда сөз айтты. Жалпы өзі жақсы сияқты. Оған барлығын ашып айттым. Сәл ойланып, бәрібір де бірге болғысы келетінін жеткізді. Отбасым ол туралы біледі әрі қарсылық танытып отырған жоқ. Кейін ыстық-суығы басылған кезде бетімнен алып жүрмей ме екен деп қорқамын. Тұрмыста болғанымды бетіме басып жүрмей ме? Мені жек көріп кетпей ме деген ойлар мазалайды. Бір қателескен соң, қатты қорқып қалады екенсің. Екінші рет маған қателесуге болмайды. Ақыл айта отырыңыздаршы», – дейді бойжеткен.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

30 жастағы келіншек өзін асқан қатыгездікпен сабаған ата-анасы туралы айтып жылады

Келіншек азаматтық некедегі күйеуіне туған баласын мойындата алмай жүргенін айтып жылады

Келіншек күн көрсетпей, іштегі баласымен төркініне әкеліп тастаған өзбек енесін жамандады

Бойжеткен: Абыройымды қорлап, қалағанын жасататын жігітімнен шаршадым

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар