Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Бірінші арна» тележүргізушісі қыз зорлады деп айыпталды

«Бірінші арнадағы» “Фазенда” және “Қайырлы таң” бағдарламаларының жүргізушісі Роман Будников адам зорлады деп айыпталды.

16789977_871465256329069_8319846874966130688_n

Бұл туралы Teleprogramma.pro хабарлады.

Массаж жасаушы Анастасия болған жайды журналистерге айтып берді. Ол өткен жылдың тамыз айында Романның өзін ұрып-соққанын, артынша зорлағанын мәлімдеді. Мәскеулік қыз құқық қорғау органдарына шағымданса да, бұл іспен ешкім айналыспапты.

Ал Будниковтің өзі тағылған кінәні жоққа шығаруда.

“Бірден айтамын: айыптаулардың бәрі негізсіз. Мына қыздың айтқандарының бірде бірі болған жоқ. Өсекті тоқтатып, шындықты ашуға, ең алдымен, мен ынтықпын. Сондықтан бұл мәселені заң арқылы шешпекпін. Қыздың берген мәлімдемесі – барып тұрған өтірік және жала. Мүмкін осындай жолмен өзінің атын шығарғысы келген шығар», – дейді ол.

Тележүргізушінің сөзінше, қазіргі уақытта оның қорғаушысы сотқа қайта арыз беруге дайындалуда.

«Ешқандай дәлел жоқ, болуы да мүмкін емес. Себебі біз байланысқан жоқпыз. Сол себепті адам өзінің сөздері үшін сотта жауап беретін болады. Мені де, оны да полиграфтың тексеруін талап етемін. Сол кезде бәрі өз орнына келеді», – деді 44 жастағы тележүргізуші.

Жіберіп алмаңыз:

Люксембургтің бірінші “ханымы” әлем көшбасшыларының жұбайларымен кешкі ас ішті

Леонардо Ди Каприоның жаңа сүйіктісі пайда болды

АҚШ президенті Черногория премьер-министрін итеріп жіберіп, дөрекі қылық жасады (видео)

2017 жылдың ең сексуалды әйелінің кім екені жарияланды (фото)

Талқылау