Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бірінші арна Алсудың қызының видеосын өшіріп тастады

Ресейде өткен «Голос. Дети» байқауының төңірегіндегі даудан кейін бірінші арна басшылығы youtube желісіндегі ресми каналынан Алсудың қызы Микелла Абрамованың ән айтқан видеосын өшіріп тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алсу

Алайда Бірінші арна басшылығы неліктен мұндай қадамға барғанын түсіндірмеді. Десе де желі қолданушылары мұны 10 жастағы Микелла Абрамованың «Голос. Дети» байқауындағы жеңісінен кейін туған жанжалмен байланыстырды. 

Аталған видеоның астына желі қолданушылары көптеген жағымсыз пікір жазып, дауыс қорытындысын қайта тексеруді талап еткен болатын. Сондай-ақ, олар жобаны біржолата жапқан дұрыс екенін алға тартты. 

«Ұят! Қорытындыны жасанды жолмен өзгерткен. Басқа балаларға обал болды», «Мені келесі сөздерім үшін кешіріңіздер. Бірақ оның басқа адамдардан еш айырмашылығы жоқ. Одан да орнына басқа біреу өтсе дұрыс болатын еді! Мәселенің ақшада болып тұрғаны анық» деп жазды желі қолданушылары. 

Естеріңізге сала кетсек, аталған байқауда қазақстандық Ержан Максим екінші орын алған болатын. 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр