БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бірінен кейін бірі пышақ сұқты: Ақтөбеде 9 бала жабылып ұрған жігіт аман қалды

Ақтөбеде 19 жастағы студенттер өзінен үлкен жігітті жабылып ұрып, ес-түссіз қалдырды, деп хабарлайды КТК.

Студент жігіттер 30 жастағы ер адамды аяусыз соққыға жықты. Тоғыз студент жабыла соғып, ер адамға кезекпен пышақ сұққан. Зардап шеккен жігіт ессіз күйде ауруханаға жеткізілді.

Күдікті жігіттердің бәрі ұсталып, қазір жауап алынуда. Олардың не себепті мұндай әрекетке барған себебін полицейлер әлі мәлімдеген жоқ.

Жігіттерді жабылып ұрған сәті бейнекамераға түсіп қалды. Видео желіде тарады. Видеодан студенттердің зарлап шегушіні ағаш орындықпен ұрғанын байқауға болады.

Ал, тоғыз баланың қолынан пышақталған жігіт түрлі жарақатымен ауруханада жатыр. Беті бері қараған соң палатаға ауыстырылды.

“Кеудесі, аяғы жараланған. Көп қан жоғалтты. Қазіргі уақытта бөлімшеге ауыстырылып, емделіп жатыр”, – дейді Ақтөбе облыстық медициналық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәкен Қапанов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр