Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біріккен Араб Әмірліктерінің үкіметінде бақыт және дінге еріктілік министрлігі құрылмақ

Біріккен Араб Әмірліктерінің үкіметінде бақыт пен дінге еріктілік министрі пайда болатынын Дубай басшысы Мұхаммед әл Мақтум өзінің Твиттердегі парақшасында жазған.

budget

Сурет dandubai.ru сайтынан алынды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жаңа министрдің негізгі шаруасы «қоғам өзін барынша бақытты сезіну үшін мемлекеттің саяси және басқа да жоспарларын нығайтуға күш салу» болмақ. Ал діни еріктілік министрі дінге еріктілік мәселесін «ел қоғамының негізгі құндылығы» ретінде көрсете алуы тиіс.

Әл-Мақтұм алдағы уақытта да үкіметтің құрылымдық масштабы кеңейе түсетінін, оны ел басшысы да мақұлдағанын айтты.

Талқылау