Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біреуі 500 теңгеге дейін: Қазақстандықтар ғаламторда қоңыздарды қызу саудалап жатыр

Қазақстандықтар желіде тарақандарды саудалап жатыр. Сатушылар Мадагаскар, Куба, Мысыр, Түркіменстан т.б. елден әкелінген тарақандар барын айтуда.

Мадагаскарлық тарақандардың 100 теңгеден де, 500 теңгеден де алуға болады. Бұлар экзотиканы сүйетіндер үшін үй жануары ретінде сатылады. Ұзындығы 8-10 см.

Сәнді мәрмәрлі тарақандар. Оларды амфибия, экзотикалық өрмекші мен кесірткеге, кірпілердің жемі ретінде алуға болады. Бағасы 25-50 теңге аралығында.

Америкалық тарақандар аздап қымбат, бағасы 60 теңге.

“Алып тарақандар Кариб теңізін, Оңтүстік Африка елдерін мекендейді. Оларды жарқанаттардың ұясы бар үңгірлерден табады. Өмір сүру ұзақтығы екі жыл. Алып тарақандар күнінің басым бөлігін жемтік іздеумен өткізеді”, – деп жазады автор.

Түркістандық, орта азиялық тарақандарды 20 теңгеден сатадын. Оны кей жәндіктерге жем ретінде сатады.

“Бұл кішкене тарақандар мәрмәрлі тарақандарға ұқсайды. 1,5-2 см. Денесі ұзынша келген”, – дейді автор. Бағасы 35 теңге. Ең аз дегенде 2 мың теңгеге алу керек.

Шымкентте мысырлық тарақандарды 1 теңгеден сататыны туралы хабарландыру шыққан.

Көпшілігі тарақандарды өзге жәндіктерге жемтік ретінде ұсынады. Кейде үй жануары ретінде асырауға сататындар да бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау