Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біреудің әйелін қаратып алды: Министрдің әзілі мәжілістегілерді күлдірді

Мәжілісте “Кинематография туралы” заң жобасы талқыланды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин кейбір фильмдерің ұлттық талапқа сай келмейтінін, алайда ел арасында таңдаулы фильмдер екенін атап өтті.

Фото: Болат Шайхинов

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы аталған заң бойынша баяндама оқыды, деп жазады Sputnik.

Нығматулиннің айтуынша, егер фильм жоғары деңгейде түсіріліп, елдің көңілінен шығып, елді әлемге танытуға септігін тигізсе ғана оны ұлттық фильм деп тануға болады.

“Кей фильмдер комиссия талабынан өтпеуі мүмкін, бірақ халыққа ұнайды. Мәселен “Тағдыр тәлкегі немесе Жеңіл буыңызбен!” фильмі. Владимир Карповичтің  сүйікті фильмі. Комисссия бұл картинада бірқатар этикалық және азаматтық нормалардың бұзылғанын анықтайтын еді”, – деді депутат.

“Ең бастысы, біреудің әйелін өзіне қаратып алды”, – деді осы кезде Арыстанбек Мұхамедиұлы.

“Залда отырған кейбір адамдар мұны заң бұзушылық деп санамайды”, — деп күлді Нығматуллин.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау