Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біреуді сабауға құқығымыз жоқ: “Меломен” тобы сөздерінен айнып шықты

Таяуда «Меломен» тобы қолдарына қамшы ұстап, жылқымен түскен суреттерін желіге жүктеген еді. Арнайы пост жазып, Жан Ахмадиевке инстаграм арқылы үндеу жолдаған үштік атышулы рэперге Айжан Байзақова мен «Ninety one» тобын сабатуды мақсат тұтқан-ды. Stan.kz ақпараттық агентігінің тілшісіне сұхбат берген «Меломен ұжымы, мұндай қадамға баруының себебін түсіндіріп берді.

Меломен тобы Жан Ахмадиевке атышулы Байзақованы сабауға кеңес берді

«Мақсат – жалпы жұртқа ақпен қараны ажыратып беру. Қамшымен саба деген, барып сабау деген сөз емес. Және де өзіміздің мемлекеттің заңы бар. Заңға қайшы келмеу керек. Біздің біреуді барып сабауға ешқайсымыздың құқығымыз жоқ. Бірақ бұл жерде ол нәрсенің зиян екенін, олардың бізге теріс нәрсе беріп жатқанын, бізді улап жатқанын түсіндіру. Одан кейін қамшының да қазақтың мәдениетінде сыры бар. Кезінде әкелеріміз қамшы алып жүгіргенде біз қорқа бастайтынбыз. Бұл да бір соның белгісі. Кезінде бабаларымыз қамшымен сабап дем салған. Яғни, адамның бойындағы жын-шайтанды қуу. Сондықтан, азғырылып жатқан ұл-қыздарымыздың теріс нәрселерге насихатталып жатқанын тыю», – дейді топ әншісі Ролан Қазретов.

«Меломендік» жігіттер фотодағы жылқының иесін де жасырмады. Жан Ахмадиевке табысталатын тұлпар топтың продюсерлік орталығындағы жануар екен. Рэпер үштіктің өтінішін орындаса, «Меломен» әншілері сыйға тартпақ.

«Жан Ахмадиев жауабын енді береді. Жылқы біздің продюсерлік орталықтікі. Жылқы көп қой. Әркімнің өзінің малдары бар. Продюсерлік орталықтың фазендасы бар. Сол жердегі жылқылардың біреуін алдық та, Жан Ахмадиев мынау сенікі дедік. Негізі менің сұхбат бергім келіп тұрған жоқ. Сол сырға таққан жігіттердің өздері сұхбатқа шықсын. Сосын біз жауап береміз», – дейді топ әншісі Ғабит Бибасыұлы.

Айтпақшы, «Меломен» тобының бұл бастамасынан «91» тобының ата-аналары да хабардар болған. Тіпті, Ерболат Беделхан басқаратын бестіктегі Bala-ның анасы сотқа беретіндерін жеткізгенін әлі ешкім ұмыта қойған жоқ. Алайда, олардың ескертпесі жылқысы көп жігіттерге әсер етпепті.

«Қатты әсер еткен жоқ. Олардың жазбасы күнделікті ватсапқа келетін кезекті хаттардың бірі сияқты болып қалды. Ол өтірік нәрсе. Бірақ ол жерде соттасатындай Қазақстан Республикасының заңына қарама-қайшы еш нәрсе жасаған жоқпыз. Оның бәрі алдын-ала қаралған нәрсе. Сондықтан, соттасуға әлбетте дайынбыз.», – дейді «Меломен» тобының жігіттері.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау