Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір жыл бұрын ғана велосипедке отырған қазақстандық әлемді бағындырды

Велосипедшілер қолдарына Қазақстанның туын ұстап 10 мың шақырымды артқа тастап, 25 елді аралап өткен. Саяхатшылар өздерінің бұл жетістіктерін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап отыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

ымым

Талғат Жұмабеков пен Асқар Сызбаев Евразияға тиесілі 25 елді басып өткен. Атыраудан басталған саяхат желтоқсан айында Барселонада өз мәресіне жетпек.

“Барлығы тамаша. Біз тек алға жылжып келеміз. Бүгін Падуя қаласына жетіп, сосын Венецияға баруды көздеп отырмыз”, – дейді олар.

Велосипедшілердің айтуынша, жолда оларға мейірімді, көңілдері кең адамдар жолыққан. Алайда Евразияның климаттық белдеулері мен ауа-райы құбылысы олар үшін нағыз сынақ болыпты. Орманнан кейін бірден тау пайда болып, жаздан кейін қысқа тап болған сәттер де көп болған.

ысыс

Талғат тіпті де кәсіби спортшы немесе велосипедші емес. Былтырғы жылы ғана рөлге отырған ол, ә дегеннен өз алдына әлемді аралаймын деген мақсат қойыпты.

“Ия, ұзақ уақыт ойланып, армандап, жиналып, физикалық тұрғыдан дайындалып жүре беруге болады. Алайда мен бір-ақ сәтте дүкенге келіп барлық керектіні сатып алдым. Сосын великке отырдым да, шығып кеттім”, – дейді велосаяхатшы Талғат Жұмабеков.

Сол уақыттан бері оның өмірінде өзгеріс көп болған. Темекіні тастап, автокөлікте жүруден де бас тартыпты. Ол мұндай физикалық жағымды әсерлер, рухани жағынан да әсер етеді деп есептейді.

Енді бір айдан соң турист Барселонаға келіп, сол жақтан бері шығады. Биылғы жылы ол әлемді айналып шықсам деген арманына қол жеткізуге ниеттеніп отыр.

Оқи отырыңыз:

Стамбұлдағы терактіні жасады делінген қырғыз жігіті бұл айыптауды жоққа шығарды (видео)

ДАИШ-тың белгілі көшбасшысы 400 содырмен бірге босқын кейпіне еніп Европаға кіріп кеткен

Ерлі-зайыптылар қызының өлімі үшін Apple компаниясын сотқа берді

Италияда ер адам 60 жылға жуық жүргізуші куәлігінсіз көлік айдаған

Талқылау