Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Балалық шағымның кумирі: Рахат Тұрлыханов қазір немен айналысып жүр?

Кезінде халықтың сүйіктісіне айналған Рахат Тұрлыханов қазір немен айналысып жүргенін айтып берді, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі "Түңгі студия" бағдарламасына сілтеме жасап.

Өнерде жарқ етті де жоқ болды. Сахнада халықтың ықыласына бөленіп үлгерді де шығармашылықтан кетті. Шетелді шарлап концерт те берді. Алайда, оның шығармашылық жолы ұзаққа созылған жоқ.

"Сол кезде бір жылдың ішінде жүзден астам концерт бердім. Қазақстанның әр қаласын, әр ауылын аралап шықтым. Ресейде, Өзбекстанда, Қырғызстанда кеш өткіздік", - деп еске алды өткенін ол.

Өнер жолын тастап, Лондонда магистратураға түскен Рахат Тұрлыханов бұл ісіне өкінбейтінін жасырмады. Шетелде елшілікте жұмыс істеп, жол ереже бұзғаны үшін ақша төлеген ол Алматыға қайтып келген.

"Шетелден Алматыға қайтқанда бизнеспен айналысамын деген шешімге келдім. Өйткені мемлекеттік қызмет көп жауапкершілікті талап етеді. Маған ондай жұмыс жараспайды", - дейді Рахат Тұрлыханов.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр