Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір топырақтан жаралдық: Мейрамбек Бесбаев Әуелбекованы туған қарындасындай көретінін айтты

Мейрамбек Бесбаев өнердегі әріптесі Мөлдір Әуелбекованы туған қарындасындай көретінін мәлімдеді. Ол Мөлдірдің талантын “Ғашық жүрек” фильмі кезінде мойындағанын ашып айтты.

Бір топырақтан жаралдық: Мейрамбек Бесбаев Әуелбекованы туған қарындасындай көретінін айтты

Бұл туралы “Хабар” арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Біріншіден, Мөлдір Әуелбекова өмірде де, өнерде де туған қарындасымдай деп айтсам, артық айтқандық емес. Өйткені біз екеуміз де Талас ауданынан шыққанбыз. Бір топырақтан жаралғанбыз. Шын жүрегіммен жақсы көремін, оның даусын да, еңбекқорлығын да… Ең алғашқы кезде топта көрдім. Кейін екеуміз “Ғашық жүрек” деген киноға бірге түскенбіз. Сол кинода шын талант екенін байқадым. Содан бері бірге келе жатырмыз. Бірнеше дуэт әндер жаздық. Елдің есінде деп ойлаймын”, – дейді Мейрамбек Бесбаев.

Айта кетейік, Мейрамбек Бесбаев пен Мөлдір Әуелбекова кезінде Баян Мақсатқызының “Ғашық жүрек” фильміне түскен. Қос жұлдыз кинокартинаның екі бөлімінде де басты рөлді сомдады. Сондай-ақ, Мейрамбек пен Мөлдірдің “Өзіңді кездестірмесем”, “Ғашық арман” сынды бірнеше дуэтке жазылған әндері бар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау