Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір топ жігіт ақша үшін шешінген қазақ қыздарының масқарасын шығарды (видео)

Бірер күн бұрын ақша үшін тыржалаңаш шешінген қазақ қыздарының видеосы желіде тарап кетті. Жұрттың жағасын ұстатқан оқиға спортшы әрі желіде жалаңаш суреттерімен танылған Айжан Байзақованың түнгі клубында болған. Бұл орайда бір топ қазақ жігіттері ақша үшін арсыздыққа барған қыздарға тоқтау салу керектігін айтып, видео-үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz.

“Ассалаумағалейкүм, ел үмітін ақтаған, халқының қамын ойлаған қазақтың қынар қасқа азаматтары мен азаматшалары. Біз, қазақ елі, ұлдарымызды ұлықты, қыздарымызды қылықты етіп тәрбиелейміз. Қазақ қызды қырық үйден тыйған. Кеше ғана болған жайт масқара, Затова болған клубында біздің қарагөз қыздарымыз ақшаға шешініп жатыр.  Тыржалаңаш 5 мың теңгеге шешініп жатыр. Ұлттық киіміміз сәукелені киіп алып, стриптиз биледі. Бұл не масқара, бұл не сұмдық? Жалпы қазақ елі, Алаш елі, жүрегінде намысы бар жігіттерге біз видео жолдаймыз”, – дейді бас көтерушілер.

Үндеу авторлары өнер және спорт саласында жүрген танымал “жұлдыздарды” көмекке шақырды.

“Бұл жайт біздің намысымызға тиді. Дін, өнер, спорт саласында жүрген азаматтар мен азаматшалар, бізді қолдауларыңызды сұраймыз. Ойланыңдар қазақтың намысшыл жігіттері”, – дейді ашынған топ.

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызының екінші кітабы жарыққа шықты

Отандық әнші Аша Матайды құттықтау үшін эфирге Халк образында кіріп келді (видео)

Қайнар Алагөзов Төреғалиді сынағандарға өлеңмен жауап берді

Дана Нұржігіт кезінде Төреғалиді таныту үшін жұмыс істегеніне өкінетінін айтты

 

Талқылау