Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір топ ауыл тұрғындары тәнін жалаңаштаған Шырынның әрекетіне қарсы шықты (видео)

Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Сарыбастау ауылының тұрғындары сәукеле киіп, жалаңаш тәнін көрсеткен Шырын Нарчаеваның әрекетіне қарсы шықты. Үлкен-кіші демей орталыққа жиналған тұрғындар Нарчаеваға видео-үндеу жолдады, деп жазады Stan.kz.

Бір топ ауыл тұрғындары тәнін жалаңаштаған Шырынның әрекетіне қарсы шықты (видео)

“Біз Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылының жастары, орта буын ағалар мына интернет желісінде қазақ қызы кимешек киіп алып, жалаңаш тәнін көрсетіп жатыр екен, соған қарсылығымызды білдірейік деген ниетте жиналып тұрмыз. Кимешек деген кешегі Домалақ анадан, Абайды өмірге әкелген Зере әжелерімізден қалған киелі нәрсе. Кимешек киген әжелеріміз тәнін тұрмақ, шашын көрсетпеген.

Қазіргі жастарға жеңіл, жай ғана киім болып көрініп тұрғанымен, оның да киесі бар. Өзіміз де ұл-қыз өсіріп жатырмыз. Сондай теріс жолға түсіп кетпеу мақсатында Сарыбастаудың жастары, орта буыны, кішкентай балаларға дейін келіп отыр”, – дейді жиналған тұрғындар.

Бас көтергендер ұлттық киімді қорлап, ойына келгенін жасап жүрген Шырынға кішкентай болса да ой салсақ деген ниетте.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Бүгінгі күннің батырлары!

Публикация от QAZAQSTAN🇰🇿DA (@qazaqstanda)

Естеріңізде болса, күні кеше Шырын Нарчаева сайтымыздың тілшісіне сұхбат беріп, өзінің үстінен арыз жазғандарға қатысты пікірін білдірген еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау