Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір телехикаяда екі жігітпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаева тағы да жұртты ашуландырды (фото)

19 қыркүйектен бастап отандық телеарналардың бірінен «Өгей жүрек» телехикаясы көрсетіле бастады. Басты рөлді сомдап жатқан актриса Кәмшат Жолдыбаева тағы да сынға ұшырады.

14295420_327379994280090_7700985793199734784_n

Телехикая желісі бойынша алдымен құрсағындағы сәбиінен айырылып, тағдыр тәлкегіне ұшыраған Бибігүлге (Кәмшат) күйеуі опасыздық жасайды. Бір уақытта өмірдің екі бірдей соққысын бастан кешірген әйел нағыз қатігез жанға айналып шыға келеді. Адам баласына жақындамайды, не өзіне жақындатпайды. Алайда алғашқыда күйеуімен, кейіннен көңіл қосқан жігіті Ермекпен (актер Азат Сейітметов) сүйіскен Бибігүлді жұрт сынға алды.

Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Айгүл Орынбек өз парақшасында актрисаның кинодағы бұл әрекетіне деген наразылығын ашық білдірді. Айтуынша, қазақ қыздары сериалға түскенде төсекке жатудан да арланбайтын халге жеткен.

“Төсекке жатқызып, сүйістіріп түсірмесе біздің қазақтың киносы өтпей қалады ма? Əлде продюсерлердің бəрі озабоченный ауру ма, төсекке тартып тұратын?! Кешелі бері ютубтан “Өгей жүрек” деген сериал көріп жүрмін. Сериалдың идеясы жақсы, бірақ анау басты рөлде ойнаған Кәмшат Жолдыбаева бір сериалда екі еркекпен ернін жұлып алардай сүйісіп отыр. Оның алдында “Трактористің махаббаты” атты сериалға түскен кезде де солай сүйіскен еді. Жалпы айтпағым, қазақ қыздарының ерніне кеседен артық дүние тимеу керек сияқты еді. Біздің қыздар сериалға түсеміз деп, төсекке жатуға да намыстанбайтынын жағдайға жетіпті», – деді ол.

Әрі қарай Айгүл Орынбек корей, үнді телехикаяларын мысалға келтіріп, солардан үлгі алуға шақырды.

“Осы корей, үнді сериалдары сүйіспей-ақ, сериалдарын өткізіп отыр ғой. Неге солардан сабақ алмайсыңдар продюсерлер? Əлде сендер ұлттың қыздарын бұзу керек деген бұйрық алып отырсыңдар ма? Дəл осылай кете берсе, ұлттың жойылуы басталады. Өйткені қызы бұзылған ұлттың, өзі де бұзылады!” – деп түйіндеді сөзін Айгүл Орынбек.

Screenshot_2

Screenshot_3

«Ұнаған жоқ, әкесіндей адаммен сүйісіп», «Сүйістірмесе болар еді, қазақтарға жараспайды екен», «Сүйіскен жерін көріп көргім келмей қалды», «Біздің отандық киноларда актерлер не актрисалар сүйіспейм деп айтуға қорқатын сияқты. Ақша үшін бәріне бара беретінің ұят», – дейді ашынған желі қолданушылары.

Жіберіп алмаңыз: 

Баян Есентаева Үндістан ауруханасында ауыр хәлде жатқан қазақстандықтарға қолдау білдірді

Гүлмира Ақүрпекованың күйеуін өз құдашасы тартып алған (фото)

Әбдірайымов стильдерін өзгертпесе, 91 тобын ұрып-соғатын намысты жігіттердің табылатынын ескертті

Кәмшат Жолдыбаева жаттығу жасаймын деп сынның астында қалды (видео)

 

Талқылау