Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір тәуліктен астам биіктігі 24 метрлік ағаштың басында отырған жігіт жерге түсті

Америкалық Сиэтл қаласында бір тәуліктен астам уақыт бойы биіктігі 24 метрлік ағаштың басында отырған жігіт жерге түсті.

20160324083920

 

Сурет: www.facenews.ua 

Бұл оқиға сейсенбіде таңертең басталды. Бұл күні сақалы өскен, киімі алба-жұлба  болған жігіт  қаланың орталық ауданында өсіп тұрған ағаштың басына шыққан. Басылым ақпаратынша, ол өзімен жылы киім мен тамақ алған. Жол-жөнекей өткендердің бірі жігітті көріп, құтқару қызметіне хабар береді. Кейін оқиға орнына  полиция келіп жетті.

Жігіт ағаштан түскен соң, оны медициналық тексеруден өткізу үшін жедел жәрдем көлігімен алып кетті. Полиция жігіттің кім екенін анықтады, алайда мәліметтерді жарияламай отыр.

Талқылау