Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда бір отбасының 6 мүшесі қаза тапқан апаттан 4 жасар бала аман қалды

Қарағанды облысындағы Алматы-Қарағанды тас жолында болған ірі көлік апатында отбасының 6 мүшесі қаза тауып, 4 жасар бала аман қалды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

avariya-na-mashine-2

«2012 жылы туған ұл апат орнынан Балқаш орталық ауруханасына жеткізілді. Ауруханаға жатқанда жағдайы өте ауыр болды. Дәрігерлер жабық бассүйек-ми жарақаты, бірнеше соғылу және жарақаттық шок диагнозын қойып отыр. Қазіргі уақытта баланы жансақтау бөлімінен әдеттегі палатаға ауыстырды, жағдайы бірқалыпты», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Ауруханаға баланы туыстары іздеп келді. Апатқа ұшыраған «Лексус» автокөлігінің рулінде 28 жастағы ер адам болған. Қайтыс болған 6 адам бір отбасының мүшелері болған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 9 шілде күні Қарағанды облысы Гүлшат ауылы маңындағы Алматы-Қарағанды тас жолында «Лексус» автокөлігі аударылған болатын. Апат нәтижесінде, жүргізуші мен 5 жолаушы қайтыс болды. Екі жолаушы кәмелет жасқа толмаған.

Алдын ала болжау бойынша, артқы сол дөңгелектің ажырап кетуінен апат болған. Жүргізуші рульге ие бола алмай, жыраға аударылған.

Көліктегі жанұя Алматыдан Астанаға бет алған еді.

Аталған факт ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу  реестріне тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар жасалуда, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Талқылау