Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір қуаныш, бір қайғы: Бағлан Әбдірайымов қызды болды

Бұған дейін анасының ауырып жатқанын айтқан әнші енді сүйінші жаңалығын бөлісті.

Бір қуаныш, бір қайғы: Бағлан Әбдірайымов қызды болды

Бағлан желідегі парақшасында халықтан сүйінші сұрады. Сүйген жарының екінші қызды өмірге әкелгенін айтты.

“Достарым, туыстарым, жақсыларым, сүйінші! Бүгін сүйген жарым екінші қызымды өмірге әкелді. Аллаға сансыз шүкіршілік айтам. Қуаныш та беріп жатыр, сынақ та беріп жатыр, Алла ұлық”, – дейді әнші.

Желідегі жазылушылары бауы берік болсын деп, ізгі телегін жаудырды.

“Қазақтың қызы болсын! Бауы берік болсын! Дені сау болсын! Басы аман болсын!”, – деп жазды олар.

Қыздардың 575 мұсылманша есімі мен олардың мағынасы >>>

Желі қолданушылары анасының сауығып кетуіне тілек білдіруде.

Бұған дейін әнші комада жатқан анасының жағдайы туралы айтқан еді. Айтуынша, анасының жан сақтау бөлімінде жатқанына жетінші күн болған.

Талқылау