Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бір қорқыныш бар": Салтанат Бақаева не үшін алаңдап жүргенін айтты

Салтанат Бақаева не үшін алаңдап жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желідегі парақшасында жазба қалдырған Салтанат Бақаева балаларының болашағына алаңдайтынын айтты. Барша халықтың үрейі осы бала-шаға дейді ол. 

"Қаланың ішінде, жалпы адамдарда бір қорқыныш бар. Балаларымыздың болашағы қалай болады екен деп қорқамын! Мені сол алаңдатады. Мен бірін мақтап не біреуін даттайын деп отырғаным жоқ. Шыны керек қазіргі басшылыққа төтеп бере алатын басқа қарсыласты көріп тұрғаным жоқ!" - деп таңдауын ашық айтты.

Халық пен биліктің арасына іріткі салып, елдің берекесін қашыратын адамдардың надандығына таңданды өнер иесі. Бақаева халықты шетелде отырып, ұрлығын жасап, арамдығын жүзеге асыратын оңбағандарға құлақ аспауға шақырды.

"Ал басқа мемлекетте отырып алып,  xалықты қиын жағдайға итермелейтін адам қарсылас емес! Ол тіпті қазақ деген атқа лайық емес! Ұры ұрылығын еш уақытта тастамайды! Ондай адам тек өз басын ойлайды. Халыққа да басшымызға да қандай да бір шешімді ақылмен, сабырлықпен қабылдауын тілеймін" - деп жазды Салтанат Бақаева.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр