Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бір күнде ұрықтанған әйелдің егіз балалары 15 жыл айырмашылықпен дүниеге келді

АҚШ-та бір күнде ұрықтандырылған әйелдің 3 егіз жұптан тұратын балалары 15 жыл айырмашылықпен дүниеге келді.

Бір күнде ұрықтанған әйелдің егіз балалары 15 жыл айырмашылықпен дүниеге келді

Бұл туралы New York Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Егіздердің ең үлкені Алекс пен Курт Джонсон 15 жыл бұрын өмірге келген. Келесісі Маттиас пен Джеймс Гарднер бір жыл бұрын туылған. Ал кішкентай Элианна мен Алиса Хефнер 6 ай бұрын ғана дүние есігін ашты. Олардың бәрі 2002 жылы бір адаммен ұрықтандырылған екен.

Бір күнде ұрықтанған әйелдің егіз балалары 15 жыл айырмашылықпен дүниеге келді

Егіздердің биологиялық анасы 53 жастағы Мэри Джонсон шамамен 16 жыл бұрын экстракорпоральді ұрықтандыру процедурасын жасатқан. Ол мамандардың көмегімен бірнеше эмбрионға қол жеткізген. Олардың екеуі оған сол кезде салынса, тағы 12 эмбрионды алдағы уақытта жүкті болу үшін сақтап қойыпты.

Бір күнде ұрықтанған әйелдің егіз балалары 15 жыл айырмашылықпен дүниеге келді

2009 жылы дәрігерлер Джонсонға денсаулығындағы қиындықтарға байланысты босанбағаны абзал екенін айтқан. Сол кезде әйел қалған эмбриондарды Ұлттық эмбриональдық донорлық орталығына тапсырыпты. Өз кезегінде Джонсон балалары дүниеге келген кезде олармен көрісу туралы шарт қояды.

Бір күнде ұрықтанған әйелдің егіз балалары 15 жыл айырмашылықпен дүниеге келді

Бүгінде 3 отбасы бір-бірімен араласып тұрады. Олар келесі жазда кездесіп, балаларын бір-бірімен таныстырмақ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр