“Бір-екі бала деген өте қорқынышты дүние”: Серіков қазақ жанұясындағы бала санына қатысты ойымен бөлісті (видео)

Халықтың сүйікті әншісі Тоқтар Серіков The Эфир бағдарламасына берген сұхбатында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне, көпбалалы аналар мен жанұялардың мәселесіне тоқталып өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Тоқтар Серіков

Қазақтың қамын ойлап, елдің бүгінгі жағдайына бейжай қарай алмайтын әнші қазіргі қоғамның көп балалы болуға қатысты пікірі өзгеріп кеткенін сөз етті. Әншінің айтуынша, қазір қазақтар бір-екі баланы жетілдіру оңай деумен қазақилықты ұмытып барады.

“Бір баланы бағу, қағуды ойлайды. Екі бала, үш баладан гөрі бір баланы оқытқаны, тоқытқаны ыңғайлырақ. Шетелде оқытса да бір бала ғана. Бірақ біз қазақилыққа тоқталу керекпіз. Қазақ жалпы бір бала сенікі емес деген ғой. Екі баланың өзі ойландыратын дүние. Сондықтан неғұрлым көп баланың болғаны жақсы ғой”, — деді әнші.

Сұхбат барысында Серіков  екі ұлынан айырылып қалғысы келмеген әкенің мұңымен де бөлісіп, қазақ отбасында көп бала болу керек деген пікірге тоқтады.

“Біз қазақ бәрінен сақтану керекпіз. Бір бала, екі бала деген өте қорқынышты дүние. Жасыратыны жоқ. Неғұрлым көп болу керекпіз. Көптігіміздің ешкімге зияны жоқ. Көбеюіміз керек. Біз эгоистпіз, өзімшілміз. Кейде жасым қырыққа келді. Туған баламның қызығын көре аламын ба, көре алмаймын ба деп өзімізді ойлаймыз. Өмірге келейін деп тұрған жас ұрпақтың өмірін ойламаймыз”, — дейді Серіков.

Тоқтар Серіковтың өзі көпбалалы жанұяда дүниеге келген. Әнші бірнеше баланы асырау үшін жағдайдың жақсы болу керектігін мойындайды. Ол өзі де барлық бауырларына көмектеседі. Әншінің өзі өнерден тапқан табысынан бөлек, мал шаруашылығынан түскен қаражатты туысқандарына, мұқтаж жандарға бөліп беруге тырысады екен.

 

 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр