Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бір бума ақша мен қару табылған көлік Талдықорғанның экс-әкімінің ұлына тиесілі болып шықты

Наурыз айының соңында Алматыда бір бума ақша мен қару табылған көлік Талдықорғанның бұрынғы әкімі Дастан Шалтабаевтың ұлына тиесілі болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Бір бума ақша мен қару табылған көлік Талдықорғанның экс-әкімінің ұлына тиесілі болып шықты

Бұл ақпаратты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіндегілер растады. 

Департаменттегілердің мәліметінше, автокөлік Дастан Шалтабаевтың ұлы Тұрлыхан Тұрарбекке тиесілі. Сол кезде көлікті оның курстасы Арлан Шәріпов тізгіндеген екен. 

Еске сала кетсек, наурыз айының соңында Алматыда Camry көлігінің жүргізушісі ұсталған еді. Полицейлер көліктің салонынан тапанша, рация, бір бума 100 долларлық ақша тапқан. Артынша көліктің сол кезде Талдықорған қаласының әкімі болған Дастан Шалтабаевтың ұлына тиесілі болуы мүмкін екендігі туралы ақпарат пайда болды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр