Бір-біріне мүлдем ұқсамайтын егіз қыздардың құпиясы (фото)
Люси мен Мария Эйлмерлер бір-біріне мүлдем ұқсамайтын егіздер. Люсидің шашы түзу әрі реңі сары болса, оның сыңары Мария керісінше қара, бұйра шашты қыз. Қыздар Британияның Глостер қаласында дүниеге келген. Олардың әкесі Винс аққұбаша, қыздардың анасы Доннан жартылай ямайка.
Бұл туралы bigpicture.ru сайты жазған.
«Біздердің егіз апалы-сіңлілі екенімізге ешкім сенбейді. Себеі менің ақ, Марияның қаралығында шығар. Біз бірдей киім кисек те бір-бірімізге мүлде ұқсамаймыз. Жаңадан танысқан достарымыз егіз екенімізге сенбейді. Тіпті сөзіміздің дәлелі болу үшін, туу туралы куәлігімізді сұрайды»,-дейді Люси.
Қаласаңыз сеніңіз, қаламасаңыз еркіңіз өзіңізде. Бірақ бұл қыздар апалы-сіңлілі егіздер.
Бұл олардың бала кездегі суреттері
Отбасылық суретте қыздардың анасы Донна, әкелері Винс отбасындағы өзге де балалар.
Қыздар қайта бала күндерінде бір-біріне ұқсайтын болған сияқты
Қыздардың бірі ақ, екіншісі қара болғанымен олар бір-біріне рухани тұрғыда өте жақын әрі қамқор. Бірақ, олардың егіз екеніне көпшілік сенбейді.
18 жастағы апалы-сіңлілі егіздер Ұлыбританияның Глостер қаласында 1997 жылы дүниеге келген.
Қыздардың анасы оларды бірінші реет көргенде таң қалған.
« Анамыз бізді бірінші рет көргенде таң қалған. Жүктілік кезінде УЗИ-ден балалардың түстері көрінбегені себеп шығар мүмкін. Сондықтан ол біз өмірге келгенде осылай мүлде ұқсамайтын боламыз деп күтпеген. Дәрігер бізді анамыздың қолына берген сәтте ол сөйлей алмай қалған екен »,-дейді Люси
Бұл қыздардың анасының суреті (Ортада,қара киімде). Өсіп қалған балаларының ортасында тұр.
Қыздар екі түрлі мамандық бойынша, екі колледжде білім алуда. Люси өнер және сәулет саласына бет бұрса, Мартя құқық және психология мамандығын таңдаған.
«Енді екеуміз де өсіп қалдық. Бір-бірімізге мүлде ұқсамағанымыз болмаса жанымыз бір. Бір-бірімізге егіз әрі апалы-сіңлілі болғанымыз үшін разымыз. Мария өзі оқитын жерде достарына сары егізі барын айтқанды жақсы көреді. Мен де өзімнің жаңа достарыма үнемі маған ұқсамайтын егізім барын айтып жүремін»,-дейді Люси