Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір-бірімізді жек көрдік: Аружан Жазылбекова Санжар Мәдиевпен қарым-қатынасы туралы айтып берді

Танымал қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова Санжар Мәдиевпен арадағы қарым-қатынасы туралы айтып, естеліктерімен бөлісті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бір-бірімізді жек көрдік: Аружан Жазылбекова Санжар Мәдиевпен қарым-қатынасы туралы айтып берді

Бұған дейін бір-бірін жек көргендерін айтқан актриса Санжар Мәдиевті туған күнімен құттықтады.

«Санжар алғашында бір-бірімізді қалай жек көргеніміз есіңізде ме? Соны кім бастады. Ал 10 сыныпта оқығанда бізді «Ақжол»-да өнер көрсетуге жібергенде француз тілінің емтиханынан босатылғанымыз ше? Не деген бақыт еді. Сондай-ақ, бәріміздің Ыссық-Көлге барғанымыз және менің жеке куәлігімнің жоқ болғаны есіңде ме? Сонда сендердің бұл мәселені қалай шешкендерің маған сол күйі құпия болап қалды»,-деп өткенді есіне алды Жазылбекова.

Осылайша, өткенді есіне алған актриса Санжар екеуінің қанша уақыттан бері таныс екендерін де айта кетті.

«Біз бір-бірімізді бұрыннан танимыз. Бүгін біз ересек адам болсақ та, әлі де бір-бірімізге жақын жандармыз. Осы уақыт бойы тек қана менің сыныптасым емес досым, әріптесім және бауырым болғаның үшін рахмет. Бақытты бол. Қазір саған қиын болып жүргенін білемін. Мен сенің жаныңдамын. Туған күніңмен!»,-дейді Аружан Жазылбекова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау