Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір әйелдің өлімін алдын алуға болатын еді: Астанада босанушы төрт әйел өліміне қатысты тергеу қорытындысы

Астанада жаңадан босанған төрт әйелдің өлімін қатысты тергеу қорытындысы жария болды. Бұл жайлы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір әйелді құтқаруға болатын еді: Астанада босанушы төрт әйел өліміне қатысты тергеу қорытындысы шықты

“Республикалық комиссияның тергеу жұмысы аяқталды. Қорытындыға сәйкес үш әйелді аман алып қалу мүмкінігі болмаған. Ал, бір әйелдің өліміне қатысты бұл шартты түрде құтқаруға болатын жағдай еді”, – деді Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыың басшысы Камалжан Надыров

Ол шартты түрде алдын алуға болатындай жағдай – медициналық қызметкерлердің барлық жұмысы дұрыс орындалғанын, техникалық әрекеттер жасалып, осының бәрі соңғы қорытындыға әсерін тигізбеген жағдай екенін түсіндірді.

“Қазір құқық қорғау органдары қызметтік тергеу жүргізуде. Кімнің кінәлі екенін, кінәсіз екенін айту дұрыс емес те шығар. Өйткені, өлімнің алдын алуға мүмкіндік болмаған”, – дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау