Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір айда қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілі ЭКСПО-ға тегін билет алады

Павлодарда серпіндіктердің бастамасымен жаңа жоба қолға алынды.

expo-vystavka

Бұл туралы «Серпін» іскерлер ұйымы Павлодар облысы бойынша филиалының төрағасы Дарын Тәжібаев мәлем етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

«Павлодарлық серпіндіктер «Қазақстандық арман» атты қоғамдық бірлестік құрған болатын. Осы ұйым мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының жетекшісі Элина Паулимен бірлесе отырып, «Қазақша сөйлеу оңай» жобасын бастадық. Ереже бойынша қазақ тілін меңгеруді мақсат тұтқан кез келген өзге ұлт өкілі мен бір серпіндік қосылып, жеке жұп болады. Оларға бір ай уақыт беріліп, конкурстық жүйеде жеңімпаз анықталады. Шамамен 1 наурыз күні қорытындысы шығып, нәтижелі жұмыс жасаған жұп «ЭКСПО-2017» көрмесіне тегін билет ұтып алады», – деді облыстық «Серпін» филиалының төрағасы.

Дарын Тәжібаевтың айтуынша, бүгінде 44 адам жазылып, 22 жұп іске кірісіп кеткен.

Жобаның негізгі мақсаты – қазақ тілін дамыту, серпіндік студенттердің жергілікті адамдармен қарым-қатынасын нығайту. Алдағы уақытта бұл жоба екінші рет қайта өткізілуі мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандықтар Мәскеуде құлдыққа қалай тап болады

Енді мектеп директорлары мектеп сайтында өз жұмысы туралы есеп береді

Жамбыл облысының тұрғыны дәрігер салған екпеден соң белінен төмен сал болып қалғанын айтады

Алматыда паркингте ер адамды аяғынан атып кетті

 

Талқылау