Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Бір аяғынан айырылған бойжеткен сұлулық байқауының ақтық кезеңіне жолдама алды
Италияда бір аяғынан айырылған бойдеткен «Италия аруы» сұлулық байқауының ақтық кезеңіне жолдама алған арулардың бірі атанды. Алайда ол сайыста жеңіске жете алмады.
Бұл туралы италиялық БАҚ-қа сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Аталған байқаудың тарихында бұған дейін мүгедек қатысушы болмаған екен. Осылайша, бір аяғынан айырылған Кьяра Борди алғашқы қатысушы атанды.
Сұхбаттарының бірінде 18 жастағы Борди өзінің байқауға қатысуының өзі жеңіс екенін айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бойжеткен 13 жасында апатқа түсіп, бір аяғынан айырылған екен. Оған үш рет ота жасалған. Аяққа тұру үшін ауыр кезеңдерді бастан өткен қыз ендігі ерекше протездерді аксессуар ретінде көрсеткісі келеді. Сонымен қатар кемтар жандарға үлгі болып, шабыт берсем дейді.
Талқылау