Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір ай бұрын жоғалып кеткен анасы мен ұлы Семейден табылды

Бір ай бұрын жас келіншек кішкентай ұлымен бірге үйден шығып кеткен болатын. Олардың сол уақыттан бері қайда болғандары белгісіз.

12780951

Фото: Public Domain

Із-түссіз жоғалып кеткен Қарағандылық әйел мен оның баласы аман-сау күйлерінде Семейден табылды. Қазіргі таңда олар өз үйлеріне оралған.

Қарағанды полициясы жоғалған ана мен оның 4 жасар баласын бір ай бойы іздеген еді. Полиция мәліметінше, Әбішева Мөлдір мен оның 2012 жылы туған баласы 2016 жылдың 30 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында жоғалып кеткен.

“Жедел-іздестіру шараларының арқасында Қарағанды облыстық ІІД қызметкерлері жоғалып кеткен Мөлдір Әбішева мен оның кішкентай ұлы Семей қаласынан табылды”, – деді ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Оның айтуынша, анасы мен баласының денсаулығы жақсы, аман-сау.

Талқылау