Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір ай бойы бес планета бір қатарға сап түзейді

Бүгін түнде және келесі айға дейін жер тұрғындары аспан көгінен тамаша әрі бірегей картинаны тамашалай алмақ. Күн жүйесіндегі – Меркурий, Шолпан, Сатурн, Марс және Юпитер бес ғаламшар Шаян және Бикеш шоқжұлдыздарының бойында бір сызықта сап түземек.

1363269657

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

«Біз келесі аптада тамашалай алатын бұл бес планетаға ғарыш кемелері және НАСА аппараттары барып қайтты. Біздің американдық құштарлығымыз, технологияларымыз және жігеріміз ғарыш әлеміндегі біраз құпияны ашуға мүмкіндік беріп жатқаны үшін қуаныштымыз», – дейді НАСА планеталогикалық  департаментінің басшысы Джим Грин.

Соңғы 11 жылда бірінші рет жер тұрғындары жердің кез-келген бөлігінен таң алдында Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың бір сызық бойына тізіліп керемет картина әрі керемет көңіл-күй сыйлауын тамашалайтын болады.

Әуелі бірінші болып түнгі аспанда Юпитер пайда болады, одан соң түн ортасында Марс, Сатурн, Шолпан және Меркурий көзге көрінбек.  НАСА мамандарының айтуынша, оларды арнайы дүрбімен анық байқауға болады. Егер аспанның қай тұсынан іздеу керектігін білсеңіз жәй көзбен де бақылауға мүмкіндік бар екен.  Бұл «шоудың» шырқау шегі алтыншы ақпанда Ай, Меркурий және Шолпанның үшбұрыш құрауымен аяқталады.

Бұл космостық көрсетілімнің «қайталауы» ғалымдардың айтуынша осы жылдың маусымының соңы мен тамызының басында орын алып қалуы мүмкін.

Талқылау