Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір әулетте бірнеше есепшот

Әулеттің бір мүшесі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы болса, кейін ағайын-туыстары да есеп-шот ашып, тұрғын үй несиесін рәсімдейді.

story1310-3
Ақтөбеде Банк басқармасы төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың салымшыларымен болған кездесуінде бірқатар клиенттер өздеріне ғана емес, отбасы мүшелеріне де банктік шоттар ашқандарын хабарлады.

«Өзім санаулы күнде қоныс тойын тойлағалы отырмын. Соңғы бірнеше жыл бойы қаражат жинап келдім. Екі жыл бұрын қызыма да шот ашып берген едім. Оның үстіне, бүгінде бірқатар жеңілдіктер қарастырылған екен. Қазірде ауданы 80 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтер рәсімдеп жатырмыз, – дейді ақтөбелік жеке кәсіпкер Айнұр Дүйісова.

story1310-2

Айнұр Дүйісова

Кәсіпкер отбасыда төрт ағайынды екен. Алдымен туған інісі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен баспана алса керек. Содан бірінен бірі көріп, бауырлары да келісім-шарт рәсімдей бастапты.

«Әрине, әрбіріміздің өз отбасымыз бар. Сондықтан, пәтер керек. Бізге Ольга есімді менеджер көп көмек көрсетті. Өзге банктерге қарағанда, бізге осы банктің шарттары тиімді көрінді. Ай сайынғы несие төлемдерін қалтамыз көтереді. Әулетіміздің атынан банк басшылығына, қызметкерлеріне шексіз алғыс білдіремін», – дейді Айнұр Дүйісова.

Тағы бір салымшы Узипа Жұмағазиева да осы күндері баспаналы болып жатыр екен. Зейнет жасындағы азаматша төрт баланың қамымен бірінен соң бір келісім-шартқа отырып, балаларының алды отау тігіп жатқанын қуана жеткізді.

story1310-4

Узипа Жұмағазиева

«Ай сайын қаражат ауыстырып, шотқа салып келеміз. Бүгінде үлкен қызым осы банк арқылы алған баспанада тұрып жатыр, ай сайынғы төлемдерін төлеп келеді. Ондай төменгі баға өзге ешқандай банкте жоқ. Енді қаланың жаңа ықшам ауданында екі бөлмелі пәтерді рәсімдеп жатырмыз. Шағын жөндеу жұмыстарын жүргізген соң, қоныс тойын тойлаймыз», – дейді зейнеткер Узипа Жұмағазиева.

Салымшының айтуынша, алғашқы депозитті үлкен қызына 2007 жылы рәсімдеген. Араға бір жыл салып тағы бір шот ашыпты. Осылайша, бір отбасыдан бірінен соң бірі төрт адам пәтер алуға ниеттенсе керек.
«Бүгінде Тұрғын үй жинақ банкі арқылы алған пәтерде тұрып жатырмыз. Өз отбасым үшін ғана емес, ағайын-туыстарға да ең тиімді жолы осы банк арқылы келисімшартқа отыру деп айтып келемін», – дейді бүгін-ертең қоныс тойын тойлағалы отырған ақтөбелік салымшы.

story1310

Өз кезегінде, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың айтуынша, бүгінде банк жергілікті билік органдарымен тығыз байланыс орнатқан.

«Біз болашақта баспана бағасын, әрбір шаршы метріне қойылатын бағаны төмендету үшін жұмыстар жасап келеміз. Демек, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы берілетін баспана бағасы қолжетімді бола бермек», – дейді ол.

Талқылау