Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір апта бұрын жоғалып кеткен оқушы қыз Астанадан табылды

Ақмола облыстық полицейлері жоғалып кеткен мектеп оқушысы Нұрайлым Сұлтанованы тауып, ата-анасына қайтарды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

778877

16 жастағы Нұрайлымның жоғалып кеткені туралы хабар Қорғалжын аудандық полиция бөлімшесіне 6 қараша күні келіп түскен. Сабынды орта мектебінің 9 сыныбында оқитын қыздың әкесінің сөзінше, таңғы 9-да сабаққа шығып кеткен оқушы қыз үйге қайта оралмаған.

Тәртіп сақшылары оқушы қызды табу үшін оның жақындарынан, достары мен сыныптастарынан, таныстарынан түгел сұрау алған. Іздеу жұмыстары көрші аудандар аумағын түгел қамтыған. Ақыры арнайы топ қызды 12 қараша күні Астана қаласынан тапты. Қазір оқушы ата-анасының қасында.

Оқи отырыңыз:

Асхат Садырбай Ерке Есмаханға жауап берді: Әркімнің өз ақиқаты бар

Дональд Трамп айына 1 доллар жалақы алатын болды

Ақ үйдің фотографы Обаманың қарапайымдылығын паш ететін суреттерді жариялады (фото)

Сауд Арабиясының королі күллі әлемді таңқалдырған бұйрыққа қол қойды

Талқылау