Бір апта бұрын із-түссіз жоғалған алматылық әйел ауруханадан табылды

6 қазан күні Алматы-1 вокзалы аумағында жоғалып кеткен 28 жастағы Айжан Кенжеқараева ауруханадан табылды.

Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.

Қыздың әпкесінің айтуынша, оны қаладағы ауруханалардың бірінен тапқан.

“Оның талмасы ұстап қалып, адамдар жедел жәрдем шақырып ауруханаға жеткізген. Қазір ол ауруханада ем алып жатыр. Жақында шығарады, біз үйге алып кетеміз. Ол аман-сау, оны іздеуге атсалысқан жандарға алғыс айтамыз”, – деді Әлия.

Еске салсақ, 1989 жылы 30 қаңтарда туған Айман Болатқызы Кенжеқараева 2017 жылдың 5 қазанында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның телефонынан соңғы рет 6 қазан күні 13:00 кезінде қоңырау жасалған. Айжанның туыстарының айтуынша, телефон 6 қазан күні 23:00-ге дейін қосылып тұрып, сосын байланыс өшіп қалған.

Тағы да оқыңыз:

Жамбыл облысында 21 жастағы жас ана үшемді өмірге әкелді

Армян фотографы Назарбаевты ерекше қалыпта түсірген суретін жариялады (фото)

Қызылордада дәретханаға шыққысы келген баланы балабақша тәрбиешілері суық күнде далаға шығарып қойған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар