Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туған ағасына тұрмысқа шыққалы жатқан қыз жұрттан ақыл сұрады

Желіде Reddit атымен тіркелген бойжеткен жұрттан көмек сұрады. Оның туған әкесі қазіргі сүйіктісінің де биологиялық әкесі болып шыққан. Яғни ол екі жылдан астам уақыт өзінің туған ағасымен көңіл жарастырып жүрген. Әкелері бір болғанымен, аналары басқа екен.

3B63470800000578-0-image-a-39_1481752226069

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Бойжеткен болашақ енесінен күйеу жігітінің биологиялық әкесін көрсетуді сұрайды. Енесі оны қуана-қуана көрсететіндігін айтып, суретті ұсынады. Суретті көрген кезде Reddit талып қала жаздайды. Себебі, суретте оның туған әкесі тұрған еді.

Тойына бірнеше апта ғана қалған қалыңдық енді не істерін білмей жүр. Алайда бұл шындықты сүйіктісі бір жылдан астам уақыт бойы біліп келген екен. Айырылып қаламын деген қорқынышпен әкелерінің бір екенін жасырып қалуға тырысқан-ды.  Олар екі жыл уақыт ішінде төсек қатынасына да түсіп үлгерген сыңайлы. Reddit әлеуметтік желі арқылы жұрттан кеңес сұрады.

“Біз үстел басында отырып ойнайтын ойын барысында таныстық. Біздің тәніміздің, мінезіміздің арасында химиялық байланыс болды. Бір ай бұрын жақындастық. Тойымыз алты аптадан кейін болады. Кей жағдайларды ескермесек, барлығы ойдағыдай болып жатты. Ол – менің жүрегімнің екінші бөлігі. Мен олсыз қалай өмір сүретінімді елестете алмаймын”, – дейді бойжеткен.

Reddit биологиялық әкесімен жақсы қарым-қатынаста болмаған екен. Ал күйеу жігітінің отбасы ол үшін үнемі мінсіз көрінетін-ді. Тойдың алдында ғана ол күйеу жігітінің өгей әкесімен бірге тұрып жатқанын білген. “Мен енемнен жігітімнің туған әкесін көрсетуді сұрадым. Суретті көрген кезде талып қала жаздадым. Себебі, ол жерде менің әкем тұрған еді. Енемнен кешірім сұрап, сыртқа жүгіріп шығып кеттім”, – дейді ол.

Осы оқиғадан кейін Reddit сүйіктісіне барып бар шындықты айтып береді. Ал жігіт өз кезегінде бұл шындықты бір жылдан бері біліп жүргенін мойындайды. “Мені сатып кеткен сияқты. Өз-өзімнен жиіркенемін. Жұрттан қатты ұяламын. Сағым сынды. Мен не істерімді білмеймін”, – дейді ол. Қос ғашық той дайындығына кеткен қаражатты қалай өтейтіндерін, бұл шындықты ата-аналарына қалай айтатындарын білмей жүр.

Желі қолданушылары өз кезектерінде бойжеткенге қолдау білдіріп, оның айыбы жоқ екенін айтып жатыр. “Жігіт-қыз болып кездесу мен отбасын құрудың айырмашылығы жер мен көктей. Бұл сіздің кінәңіз емес. Оның үстіне жігітіңізді де айыптаудың қажеті жоқ. Ол бар болғаны сізден айырылып қаламын деп қатты қорыққан болар”, “Мен өмірімнің мәніне айналған адамның туған ағам екенін білгенімде, не істейтінімді білмеймін.

Бәлкім, орнымнан тұра алмай жатып қалар ма едім. Мұндай жағдайға тап болғаныңыз өкінішті”, “Әкеңіз – жәй ғана екеуіңіз пайда болған ұрықтың иесі. Ол екеуіңіздің де қастарыңызда болып жарытқан емес. Сол себепті, жігітіңізді кешіргеніңіз дұрыс деп ойлаймын”, – деп жазады олар. Арада біраз уақыт өтсе де, күйеу жігіт шындықты үлкендерге айтудан бас тартыпты. Ал бойжеткен әңгімелесу үшін өзінің биологиялық әкесін іздеп жүр.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Нострадамус: 2017 жылы әлемді не күтіп тұр?

Ғаламторда қазақтың «естен тандырарлық» тойы туралы ролик тарады (видео)

Актриса Бибігүл Ақтан шаңырақ бейнеленген патриоттық татуировкасын көрсетті

Қазақстандық актрисалар танымал фотографтың алдында шешініп тастады (фото, видео)

Талқылау