Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір үйде он өзбек: Алматыда келімсек ұстайтын байлар салықшылармен төбелесуге дейін барды

Келімсектерді жұмысқа заңсыз жеккен кәсіпкерлер жаппай айыппұл арқалап жатыр. Бүгін Алматының салық органдары шетелдік мигранттарды жалдап, жалақыны да бейресми төлеген жұмыс орындарын тексерді. Кәсіпкерлер де мұның заңсыз екенін білмейтін сыңайлы немесе білсе де тамыр-таныстықпен айласын асырып келген, деп хабарлады КТК.

Бір үйде он өзбек: Алматыда келімсек ұстайтын байлар салықшылармен төбелесуге дейін барды

Салықшыларды да бүгін олар жағадан алуға барды. Көлік жөндеп жатқан бір топ өзбек азаматы сау ете қалған салықшылардың айғайынан жұмыстарын бірден тоқтатты. Екі қабатты зәулім үйдің ауласында жүрген 10 мигранттың өзі қызметі бар.

Бірі көлік жөндесе, енді бірі темір тұлпар бояйды.

-Төлқұжаттарыңыз бар ма?

-Бастықта қазір хабарласамын.

-Қанша ай болды жұмыс істеп жатқандарыңа?

-Бір ай болды

Ал, қожайын қашанғыдай еңбек шартын жасамаған. Төлқұжаттарын сыпырып алып, ай сайын болмашы ақша ұстатады. Мигранттардың жатқан жерлерінде де тазалық туралы сөз қозғаудың өзі артық.

“Осы жерде ұйықтаймын. Жұмыс істеймін. Жататын жерім, тамағым тегін. 50 мың айлық аламын”, – дейді өзбектердің бірі.

Жөндеу орталығын заңсыз ашып алған кәсіпкерлердің келуі сол-ақ екен олар бірден камераға тап беріп, түсірмендер деп шу шығарды. Артынша, салықшыларға жақ аштырмай, оларды жағадан алуға дейін барды. Кәсіптерін тамыр-таныстарының арқасында заңсыз дөңгелетіп отырғандар салық төлеуге үзілді-кесілді қарсы.

Жалпы, мұнда жергілікті жұмысшыларға төленген жалақының бір тиына да мемлекетке салық ретінде түспейді. Заң бойынша, кәсіпкер салық орындарына тіркеліп, табысының үш пайызын салық ретінде төлеуі тиіс. Ал арзан жұмыс күші ретінде мигранттарды тарту мүлдем тыйым салынған.

“Салық төлемейтін жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар туралы мәлімет келсе біз алдымен тексеру жүргіземіз. Ол азаматтарға 30 күн уақыт береміз. Кәсіпкер немесе заңды тұлғаның табысын есептейміз. Салықты төлемеу жағдайында біз құжаттарды экономикалық тергеу қызметіне береміз. Олар қылмыстық іс қозғайды”, – дейді Медеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Түменбаев.

Ал алқам-салқам жерде жатып, жан баққан келімсектердің ісімен көші-қон полициясы аналысуы тиіс. Енді олар өз елдеріне депортацияланады. Салықтан жалтарған кәсіпкерге 300-400 мың көлемінде айыппұл салынып жатыр.

Тағы оқыңыз: 

Бізді мазақ қылды: Маңғыстау облысында жүйке ауруына шалдыққан балалардың ата-аналары шу шығарды

Әкесінің екінші рет үйленгеніне төзе алмаған қазақ қызы пластикалық отаға тәуелді болып қалған

Павлодарлық стилист Instagram-дағы суретін БАҚ-та жариялаған журналисті сотқа берді

Астанада күйеуі тастап кеткен әйел 4 баласымен бірге вокзалда түнеген

Талқылау