Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күтушінің ұлы әлемдегі ең бай адам атанды

Билл Гейтс әлемдегі бай адамдардың тізіміндегі бірінші орыннан айырылды. Inditex холдингі мен Zara, Pull&Bear, Massimo Dutti брендтерінің иесі Амансио Ортега бай адамдардың тізімінде Билл Гейтсті басып озды.

6441969

Фото: tass.ru

Бұл туралы Forbes хабарлады.

Амансио Ортеганың байлығы 78 миллиард долларға бағаланған. Ал Forbes бағалауы бойынша Microsoft-тың негізін қалаушы Билл Гейтстің дәл қазіргі жиған-тергені 77,9 миллиард долларға тең екен.

Ортеганың еншісінде әлемнің 77 елінде 5 мыңнан астам дүкендер желісі бар. Ал әлемдік интернет саласында төңкеріс жасаған Билл Гейтс ұзақ жылдар бойы бай адамдар тізіміндегі көшбасшылықты ешкімге бермеген болатын.

Амансио Ортега 1936 жылы Испанияның Леон елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі – теміржолшы, ал анасы үй күтушісі болған. Отбасының материалдық жағдайы тым нашар болғандықтан, Амансио 13 жасында мектепті тастауға мәжбүр болады. Жастайынан жейделер дүкенінде тапсырыс тасымалдаушы болып жұмыс істейді.Амансио 1960 жылы дүкендердің бірінің менеджері болып сайланады. 1972 жылы 37 жасында өзінің трикотаж фабрикасын ашады. Бастапқыда өзінің әйелі Росалия Меромен бірге үйінің қонақ бөлмесінде халаттар мен жейделер, әйелдерге арналған ішкиім тігеді.

Талқылау