Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Білім министрі 1 маусымнан бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Жаздың алғашқы айынан бастап Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Күләш

"Еңбек жолын енді ғана бастап жатқан жас мұғалім, психолог, балабақша тәрбиешілері мен олардың көмекшілерінің жалақысы өседі. Сондай-ақ, білім беру саласында қосымша жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің жалақысы көтерілетін болады", - деді Күләш Шәмшидинова. 

Бұдан өзге министр балабақшалардағы күзетші, отжағушы, электрик, сантехник және еден жуушы тұлғалардың да жалақысы өсетінін мәлімдеді. 

"Мектеп директорлары, директор орынбасарлары, балабақша басшылары секілді басқарушы басқармаға жататындардың да еңбегі өседі", - дейді Күләш Шәмшидинова. 
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр