Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқулықтан Қамбар батырдың ішімдік пен темекіге әуестігі жайлы мәтінді алып тастайтын болды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы жұмысшы тобы 9-сынып оқулығының хрестоматиясындағы Қамбар батыр жырының мәтінін өзгерту туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

2017-2018 оқу жылына арналған  оқулық мәтінін тарихи негізде түзеуші білім және ғылым саласы бойынша бақылау комитетінен арнайы жұмысшы тобы құрылған болатын.

2015 жылдың күзінде 2012 жылы мектеп баспасынан шыққан хрестоматия оқулығындағы батырлар жырының мәтіні әлеуметтік желіге жарияланып, қызу талқыға түскен болатын. Көпшіліктің айтуы бойынша, жырдың басты кейіпкері, Қамбар батыр, алкогольді ішімдік пен темекіге әуес жан ретінде суреттелген. Осыған байланысты «Ақ жол» депутаттары Білім және ғылым министрлігіне мәселені шешу жөнінде өтініш жолдап, Бас прокуратураға хат жіберген.

Депутаттардың айтуынша, оқулықтағы мәтінде  батыр ерлік жасаған соң ішімдік пен темекі қолданып, шаршауын басқаны жайлы жазылған.

«Мұның эпос дәуіріне, XVII-XVIII жылдардағы батырлардың қасиетіне сәйкес келу мүмкін емес. Ол 1922 жылғы 11 нұсқаның ішінен алынып қосымша дайындалған нұсқа болуы мүмкін», – деді мәжілістегілер.

Kambar-batyr

Uchebnik-1

Талқылау