Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрінің ту сыртындағы сауатсыз жазу ғаламтор қолданушыларының шамына тиді

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде үш тілділік енгізіледі деп, мінберден ұранды сөздер айтып жатқан Білім және ғылым министрінің артқы тұсындағы сауатсыз жазу ғаламтор қолданушыларының шамына тиді.

12991019_759652977469581_9129497655203520492_n

 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ағылшын тілін үдете үйретуді үгіттеп жүрген Ерлан Сағадиев өзге тілді қойып, Қазақстанда қазақ тілін оқыту мен қазақ тілінде сауатты жазу мәселесі әлі шешілмегенін енді аңғаратын сияқты.

Кідірместен ағылшынша сөйлеп, жаңа реформаларын тәптіштеп айтып тұрған министрдің артындағы стендте тайға таңба басқандай болып, “ҚазаХастан” деген жазу көзге анық көрінеді.

Осындай сорақылықты байқаған әлеуметтік желі қолданушылары Сағадиев мырзаны әбден сөккен. Еліміздің аты ана тілімізде сорлап, дұрыс жазылмай тұрған шақта, өзге тілден бұрын, өз тілімізге көбірек көңіл бөлу керек – деп жазған интернет қолданушылар.

Талқылау