Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Білім және ғылым вице-министрінің не себепті қамауға алынғаны белгілі болды

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның қамауға алынуының себебі белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

suhanberdieva

Фото ашық дереккөзден алынды

Білім және ғылым вице-министрі лауазымын асыра пайдаланды және пара алды деп күдіктеліп отыр.

"Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро білім және ғылым вице-министріне лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану, пара алу және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері туралы алдын-ала тергеу жүргізді", - деді мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы органның ресми өкілі Жанна Бастарова.

Вице-министрге қатысты қамауға алу түріндегі алдын-алу шарасы қолға алынды. 

Тергеу жалғасуда. Бұдан өзге мәлімет жарияланбайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық бюро білім және ғылым министрінің орынбасарына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған едік. Кейін тұтқындалғаны белгілі болды. 

"Бір жайтты ғана түсіндіре аламын: екі қылмыстық істің өзара байланысы жоқ", - дейді Бастарова.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр