Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрлігі түлектерге мейрамханаларда қоштасу кешін жасауға тыйым сала алмайтынын айтты

Білім министрлігі мектеп бітіру кештеріне деп ақша жинауға түбегейлі қарсы. Дегенмен, шенеуніктер түлектерге тыйым сала алмайды екен. Вице-министр жылда дәстүрлі түрде қайталанатын науқанға қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды КТК арнасы.

выпускной-

«Біз ешкімге тыйым сала алмаймыз. Бірақ, ақылы қызметтің бәрі нақты белгіленген. Сондықтан,  мектеп қабырғасында ақша жинауға қарсымыз. Жақында ата-аналар жиыны болды. Осы аптада да түсіндіру жұмыстарын жалғастырамыз», – дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.

Қазір еліміздегі түлектер ҰБТ-мен қатар мектеппен қоштасу кештеріне қызу дайындалып жатыр. Жылда бітірушілер аттестат алған күні естен кетпестей  сауық-сайран құруға тырысады. Әсіресе, қалалардағы оқу ордаларындағы оқушылар зәулім мейрамхана жалдап, қымбат көйлек киіп жарысады. Ал бұл ата-ана үшін үлкен шығын. Сондықтан, Білім министрлігі аймақтарда арнайы жиын өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр екен. Сондай-ақ, министрліктегілер мектептерді жөндеу жұмысы толық әкімдіктің мойнында екенін ескертті. Ол үшін жергілікті бюджетте қыруар қаржы қаралған. Яғни, ата-аналар бір тиын да жинауға міндетті емес.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде 9 жасар қызға өзінің жыныс мүшесін ұстатқан мұғалім сотталды

Студентке кәсіп үйреткен тәлімгерге үстемеақы төленетін болады

Жоғалып кеткен алматылық қыздың туыстары оны іздемеуді сұрап отыр

Шымкенттіктер “өзге планеталықтарды” видеоға түсіріп алды (видео)

Талқылау