Білім министрлігі ағылшын тілінде өтетін ҰБТ-ны түсіндірді

Ұлттық бірыңғай тестілеудің ағылшын тіліндегі сұрақтары дайын. Ағылшынша сұрақтар қазақ және орыс тілдеріндегі тапсырмалардан ерекшеленбейді. Бұл туралы бүгін білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Вице-министр әзірге республика бойынша қанша түлек ағылшын тілінде ҰБТ тапсыратыны белгісіз екенін мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik.

“Сіздер білесіздер, ережеге сәйкес бізде база 10 наурыздан бастап ашылады. Мамыр айының ортасына дейін түлектер ҰБТ-ға қатысу туралы өтініш бере алады. База енді ашылғандықтан қанша бала ағылшын тілінде тапсыратынын айта алмаймыз. Оқушылар саны мамыр айында белгілі болады”, — деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, ағылшын тілін 2000, 2007 жылдардан бері білім беруді ағылшын тілінде жүргізіп жүрген мектептердің түлектері таңдауы мүмкін.

“Ағылшын тілінде сұрақтар базасын дайындап қойдық. Министрлік те, ұлттық тестілеу орталығы да ҰБТ-ны жоғары деңгейде өткізуге дайын. Ағылшын тіліндегі барлық сұрақ мемлекеттік стандарттың оқу бағдарламасы аясында. Сұрақтар қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде болсын, мазмұны бойынша бір-бірінен ерекшеленбейді”, — деді вице-министр.

Тағы оқыңыз:

Қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады

ОҚО-дағы 7 жасар баланың ісі: Жәбірленушілер полковник Селтановтың “өзіңді соттап жіберем” деп қорқытқанын айтты

Енді жоғары сынып оқушылары 4 пәнді ағылшын тілінде оқиды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар